Түркістанда акватуризм дамып, заманауи балық шаруашылығы кластері құрылады

0
107

Өңір басшысы жұмысты сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды.


Түркістанда акватуризм дамып, заманауи балық шаруашылығы кластері құрылады

Түркістанда акватуризм дамытылып, заманауи балық шаруашылығы кластері құрылады, ERNUR.KZ.


Түркістан облысында аквотуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шаға ауылдық округіне арнайы барып, инвестормен кездесті. Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, аквотуризмді дамыту және заманауи балық шаруашылығы кластерін құру мәселелері талқыланды.


Өңір басшысы жұмысты сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды. Қазіргі таңда «Шаға» су қоймасының аймағы реттеліп, жаңа жобаны жүзеге асыру жұмысы басталып кетті.


Түркістан облысындағы бұл жобалардың бастамашысы – «GOLD FISH TURKISTAN» ЖШС. Акватуризмді дамытуға арналған жобаның құны – 1,5 млрд теңге, қуаттылығы маусымына – 100 000 адам. Жалпы аумағы – 8 гектар. Биыл жүзеге асатын жоба арқылы 25 адам жұмыспен қамтылады.


Сонымен қатар заманауи балық шаруашылығы кластерін дамытуға бағытталған жобаға ӘКК үлесінен жер бөлініп отыр. Жобаның құны – 1 млрд теңге. Жоба 2027 жылы толық іске қосылады деп күтілуде. Толығымен іске қосылған жайғадайда жылына 300-400 тонна балық өндіруді көздеп отыр. Бұл жерде 20 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланған.


Айта кетсек, жобалар іске қосылғаннан кейін бұл аймақ балық шаруашылығы мен туристік орталыққа айналады. Сонымен бірге мұнда қонақ үйлер салынып, жағажай туризмі де дамиды деп көзделіп отыр.

Бөлісу