Байқауға 8 ауданнан келген өнерпаздар өз өнерлерін паш етті.
Түркістан облысы, Түркістан қаласында алғаш рет «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» атты дәстүр және ғұрыптық ән байқауын өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйытқысымен «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шараға облысымыздың 8 ауданынан келген өнерпаздары қатысты. Үміткерлер ұмыт болған ән-жырларды жаңғыртып, тақырыбына сай салт-дәстүрмен сабақтастырды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өткізілген байқаудың мақсаты – айқын: қазақ халқының рухани жәдігерлері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінігі ұрпаққа жеткен құндылықтарымызды халық арасында кеңінен насихаттау.
Мыңдаған жылдар бойы көнеден келе жатқан халық даналығымен қалыптасқан қазақ халқының әдет-ғұрып, тұрмыстық салт-дәстүр түрлерін өзгертуге әуестік дұрыс емес. Өйткені, ол ұлттық дүниетаным, сенім, сезім, тіл, мінез-құлық, тіпті, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты туып, қалыптасқан құндылықтары. Оны орынсыз өзгертудің өзі ұлт болмысына үйлеспейді. Байқауда заман ағымымен ұмытылған дәстүрлеріміздің тұстары жаңғыртылып, тұсаукесер, жар-жар, бесікке салу, тойбастар ғұрыптары егжей-тегжейлі дәріптелді.
Аудандар аламаны басталады дегенге ән мен жырдың ыстық ұясына айналған бірнеше шығармашалық ұжым бірлесіп, нөмір әзірлеп жіті дайындықпен келген.
Байқаудың шартын үздік орындаған Шардара ауданы бас жүлдені иемденіп, 2-орынды Созақ ауданы иемденсе, 3-орынды Сайрам және Бәйдібек ауданы иеленді.
Сонымен қатар, аталмыш іс-шарада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай«Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігіжарияланған «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» атты шығармашылық эссе байқауының жеңімпаздары марапттталды. 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында жариялаған байқауға 215 қатысушы өтінім білдіріп, 76 жас өз жұмыстарын тапсырған. Байқау нәтижесінде 8 қатысушының жұмысы үздік деп танылды. Ұлттық құндылықтардың бірегейлігін өзіндік ой-толғамымен шебер насихаттай білген Бисейіт Ғалияның «Бір сандықта бір тарих» тақырыбындағы еңбегі үздік деп танылып 1 орынды иемденді. Байқаудың жүлделі 2 орнына Медет Мұзапбарұлы мен Дарибаева Жайна Жанәліқызының шығармасы лайық деп танылды. Ал, жүлделі 3 орын Әбдіхалық Олжас, Тұрысбек Айғаным мен Ойылханова Венераға бұйырды. «Үздік эссе» номинациясымен Темірхан Нурилла және Көбеева Ажар марапатталды.