Түркістанда алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара өтті

0
691

Еліміздің өркендеуіне елеулі үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.


Түркістанда алғыс айту күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Түркістанда 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Фараб» кітапханасында 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.


Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың және этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.


Жиында алғашқы болып сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев түркістандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.


«2016 жылдан бастау алатын Алғыс айту мерекесі елімізде ерекше тойланып келеді. Түркістан облысы да бұл дәстүрден кенже қалып көрген емес. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай облысымызда 20 ақпаннан бастап түрлі мәдени, қайырымдылық акциясы сынды шаралар өткізілді. Енді бүгін этномәдени бірлестіктерден құралған өнерпаздардың концертімен қорытындыланып отыр. Алғыс айту мерекесі құрметіне арналған шараға келген баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын», - деді Бейсен Дәулетұлы.


Сонымен қатар, шарада облыста түрлі салада абыройлы қызмет етіп, еліміздің өркендеуіне елеулі үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.


Мерекелік шара Түркістан облыстық этномәдени бірлестіктер өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.