Түркістанда арбат ашылды

0
2 522

Арбаттың лентасын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қиды.


Түркістанда арбат ашылды

Түркістанда жаңа арбат ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жаңа нысанның лентасын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, сыйлы ардагер Жарқынбек Құлбайымбетов қиды. Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев көпшілікті жаңа арбаттың ашылуымен құттықтады.

Арбат қала орталығындағы Тельман аялдамасында орналасқан. Бұрын шаңы шығып жататын жер күрделі жөндеуден өтіп, жаңарып қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді. Арбаттың ішінде фонтан және аллеялар бар. Сондай-ақ, жастардың сейіл құратын орындары жасақталған.

Салтанатты шарада әжелер ауылдың алты ауызын айтып, халық әндерінен шашу шашты. Арнайы орнатылған сахнада халық концерттік бағдарламаны тамашалады.

Жастар түрлі мультфильм кейіпкерлерімен суретке түсті. Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Жаңа нысанның салтанатты ашылу шарасында облыс әкімі жолдар мен көшелердің жөнделіп жатқанын айтып, саябақтар мен сейіл құратын орындардың көбейетіндігін жеткізді. Облыс орталығында 20-дан астам аллея ел игілігіне пайдалануға берілетіндігін де айтып өтті.