Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» қалалық филиалының ІХ конференциясы өтті

0
83

Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жаңа төрағаны құттықтап, кеңес мүшелеріне таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» қалалық филиалының ІХ конференциясы өтті

Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» қалалық филиалының ІХ конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының ІХ конференциясы өтті. Жиында Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Қыдырәлі Рысбеков сайланды. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жаңа төрағаны құттықтап, кеңес мүшелеріне таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Конференцияда ардагерлердің қоғамдағы рөлі мен үлесі ерекше аталып өтті. Қала өміріне белсенді араласатын, түрлі бастамаларды қолдайтын ардагерлердің еңбегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Берекелі қоғам» құру идеясымен үндеспек.


Қала басшы өз сөзінде:

«Ардагерлер – қоғамның алтын қоры. Сіздер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятының қалыптасуына ұзақ жылдар бойы адал еңбек сіңірдіңіздер. Сондықтан да ардагерлердің орны қашанда биік, пікірі қашанда құнды», – деп атап өтті.


Сонымен қатар, Әзімбек Пазылбекұлы Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысына және алдағы парламенттік реформаларға тоқталып, ардагерлерді осы бастамаларды кеңінен талқылауға, белсенді қатысуға шақырды.

Бөлісу