Түркістанда бірнеше туристік нысан салынып жатыр

0
507

Облыста салынатын және салынып жатқан нысандардың жобасы сараланды.


Түркістанда бірнеше туристік нысан салынып жатыр

Түркістанда туристік нысандар салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда туризм саласын дамытуда жан-жақты жобалар жүзеге асып, жаңа нысандар мен баспаналар бой көтеруде. Өңірдің сәулетшілері әрбір ғимараттың жобасына ерекше мән береді. Оның сәулеті, идеологиялық мәні талқыланып, құрылыс материалдары да қатаң сараптаудан өтеді. Жаңа жобалардың жүзеге асуы өңір басшысы Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында.


Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жиналыста жаңа ғимараттардың жобалары талқыланды. Облыста салынатын және салынып жатқан нысандардың жобасы сараланды. Мамандардың ұсыныстары тыңдалды.


Жиналыста Түркістан қаласының мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік орталықтарының, көлік және инженерлік инфрақұрылымының, тұрғын үйлер аймағының құрылысы қарқынды жүргізілгені айтылды.


Сондай-ақ басқосуда қолөнершілер қалашығының құрылыс барысы баяндалды. Қолөнершілер қалашығының жалпы аумағы шамамен 9 мың шаршы метрді құрайды. Оның аумағында қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Бұл жоба өңірге туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, сондай-ақ мәдениет пен мұраны сақтап қалу мақсатында жүзеге асуда.