Түркістанда "Bolashaq Books" кітап сөресі ашылды

0
778

Қала әкімі кітапты оқып бола, осында баспа-бас ауыстырып тұруға ниетті.


Түркістанда

Рашид Аюпов кітап сөресінің ашылуына қатысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Bolashaq Ontustik" корпоративтік қорының төрағасы Рашид Аюпов облыс орталығында тұңғыш рет ашылған "Bolashaq Books" кітап сөресінің ашылуына қатысты.

"Бұл жоба Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында ашылып жатқаны орынды. Адам мен адамды тең қылатын, ол - білім. Ал білімді беретін - кітап. "Болашақ кітаптары" деп айтқан дұрыс болар деген ниетпен ұсыныс білдіремін. Мен бір айда бір кітап оқитын едім, қазір жұмыс бабына сәйкес, 3 айда бір кітап оқуға мүмкіндік бар. Бұл жағдайды қалыпқа келтіру керек, әрине. Себебі, кітаптың рухани байлығымыз бен құндылығымызды арттыруда маңызы зор. Ендеше, барлық таныстарымды, достарымды осында оқыған кітаптарымен бөлісуге шақырамын. Жастарымыз еліміздің абыройын асқақтатар білімді азамат бола берсін", - деген Рашид Абатұлы өзі оқып, аяқтаған кітапты "Bolashaq books" сөресіне қойып, орнына жаңа кітапты қабыл алды. Қала әкімі кітапты оқып бола, осында баспа-бас ауыстырып тұруға ниетті.

Халық арасында кітап оқуды насихаттау аясында еліміз бойынша ашылған №14 кітап сөресіне кез келген азамат кітап айырбастап оқуына болады. Қазіргі уақытта 30 дана комикстер және 10 дана "Супер қыз" кітабы қойылған. Одан өзге, 30 шақты кітапты QR-код арқылы смартфонда қосымша арқылы оқуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің кітапханасы тарапынан да қосымша кітап сөресі қойылған.

Шаһар басшысы, сонымен қатар ХҚТУ-дің ректоры Болатбек Абдрасиловпен бірге кітапхананың студенттерге қарастырылған мүмкіндіктерімен, кітап қорының толыққандылығы және техникалық жүйенің қолжетімділігін қарап, танысып шықты.