Түркістанда дін өкілдері марапатталды

0
1 019

«18 қазан – Рухани келісім күні».


Түркістанда дін өкілдері марапатталды

Түркістанда дін өкілдерінің мерекесі аталып өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай бүгін Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында салтанатты жиын өтті. Аталған жиын барысында облыс аумағындағы діни конфессия басшылары және өкілдері бас қосып, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Аталмыш шараға жиылған қонақтар дін саласы бойынша өзара пікір алмасты.

Нақтырақ айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша бас имамы Мұсабек қажы Ақтамберді, жергілікті православиелік дін бірлестігінің жетекшісі Олег Соловьев және басқа да дін өкілдері сөз сөйледі. Ал діни конфессиялар жетекшілерімен жүздескен өңір басшысының орынбасары Сәкен Қалқаманов дін өкілдерін айтулы күнмен құттықтады. Қабылдау соңында діни конфессиялар жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Айта кетейік, 18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бұл мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі болып саналады. Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату.