Түркістанда екі баласын өлтірген әйел 15 жылға сотталды

0
792

Сот процесі алқа билерінің қатысуымен үш айдай қаралды.


Түркістанда екі баласын өлтірген әйел 15 жылға сотталды

ERNUR.KZ Түркістанда кішкентай екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылды.Қызылорда облысының тұрғыны Бота Хамитқызы кінәсін толық мойындаған. Ал қанды қылмысқа күйеуіне ергескеннен барыпты, деп жазады КТК.

Қызылорда облысының тұрғыны Бота Хамитқызы кінәсін толық мойындаған. Ал қанды қылмысқа күйеуіне ергескеннен барыпты.
Сұмдық оқиға 7 ақпанда болған. Қызылордадан екі баласымен Түркістан қаласына келген әйел пәтер жалдап, қылмысын сонда жасалған. 2 және 5 жастағы екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтіріп, өзі Шымкентке қашады. Жолда құрбысына қоңырау шалып, қылмыс жасағанын және балаларының денесі қайда жатқанын айтқан. Полицейлер оны бір күннен кейін Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірде ұстады. Сот процесі алқа билерінің қатысуымен үш айдай қаралды.
Сот отырысында Бота Хамитқызы қылмыстың алдында бөтен дауыстар естіп, елестер көргенін айтыпты. Балаларын өлтірген соң "өзім де асылып өлмек болдым" дегенімен, алқабилерді сендіре алған жоқ. Безбүйрек ана енді жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтеуге тиіс. Сотталушы осыған дейін Қызылорда облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс істеген.