Түркістанда экстремизмнің алдын алуға арналған семинар-тренинг өтіп жатыр

0
136

Семинар-тренинг соңында қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, сұрақ-жауап форматында өзекті мәселелер талқыланды.


Түркістанда экстремизмнің алдын алуға арналған семинар-тренинг өтіп жатыр

Түркістан қаласында «Экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп» атты семинар-тренинг басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында дін саласы қызметкерлері, дінтанушы және теолог мамандар, сондай-ақ білім беру саласының психологтары мен қала-аудандардағы жауапты мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Экстремизм – ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп» атты семинар-тренинг басталды.

Семинардың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және М.Нәрікбаев атындағы университеттің «Ислам және қазақ құқығы орталығының» басшысы Асқар Сабдин сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Ертай Алтаев өз сөзінде Түркістанның рухани орталық ретіндегі рөлін атап өтіп, өңірде діни тұрақтылықты сақтау, жастар санасына дәстүрлі құндылықтарды сіңіру және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту маңызды міндет екенін жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірлік пен тұрақтылыққа қатысты ұстанымын атап, қазіргі таңда экстремизм мен радикализмнің ақпараттық кеңістік арқылы таралу қаупі күшейіп отырғанын айтты. Сондай-ақ Биыл референдум арқылы қабылданған жаңа Конституцияда зайырлылық қағидасы күшейтілген. Онда дін мемлекеттен толық бөлінетіні және діни ұйымдардың мемлекеттік істерге араласа алмайтыны арнайы көрсетілген.

– Бүгінгі семинар-тренинг – өзара тәжірибе алмасуға, жаңа тәсілдерді меңгеруге және осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді деп сенемін. Осындай іс-шаралар арқылы біз экстремизмнің алдын алу жұмыстарын күшейтіп, өңірдегі тұрақтылықты сақтауға нақты үлес қоса аламыз, – деді ол.

Екі күнге жоспарланған шараның мақсаты – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастарды түрлі жат діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру бағында жұмыс атқаратын біліктілігін арттыру. Сонымен қатар ұлттық құндылықтар, қоғамдағы тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында осы салада қызмет атқаратын мамандарға бағыт-бағдар беру, жұмысын ынталандыру көзделген.

Іс-шара барысында ғалым, теолог маман Асқар Сабдин «Дерадикализацияның исламтанулық нарративтері» тақырыбында баяндама жасады. Семинардың келесі күні теолог Қайрат Құрманбаев пен психолог Айнұр Абилхайрова өз салалары бойынша өзекті тақырыптарды қозғайды.

Семинар-тренинг соңында қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, сұрақ-жауап форматында өзекті мәселелер талқыланды.

Айта кетсек, биыл референдум арқылы қабылданған жаңа Конституцияда зайырлылық қағидасы күшейтілген. Онда дін мемлекеттен толық бөлінетіні және діни ұйымдардың мемлекеттік істерге араласа алмайтыны арнайы көрсетілген.

Бөлісу