Түркістанда еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

0
1 540

«Ел алғысы – еңбекке» мерекелік акциясы ұйымдастырылған.


Түркістанда еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Түркістан қаласында коммуналды қызмет саласы жұмысшыларына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында ерекше мереке өтті. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен «Ел алғысы – еңбекке» мерекелік акциясы ұйымдастырылып, шаһардағы коммуналды қызмет саласы жұмысшыларына құрмет көрсетілді.


«Сіздердің тындырымды тірліктеріңіздің, уақытпен санаспай атқарған жұмыстарыңыздың нәтижесінде қала қонақтары Түркістанның әсем кескін- келбетіне тамсанып қайтуда. Осы орайда, еңбектің озат үлгісін танытып, Түркістан шаһарының көркейіп гүлденуіне сіңірген еңбектеріңіз үшін әрбіріңізге зор құрметпен алғысымды білдіремін. Еңбекке лайықты құрмет көрсету арқылы ғана біз оның бағасын көтереміз. Жұмысшылар өздерінің қоғамның аса маңызды бөлігі екенін сезінуі керек. Жыл бойы бейнеттің бел ортасында жүрген азаматтарға қандай мереке жасап берсек те жарасады!», – деді Нұрбол Тұрашбеков.


Тәулік бойы елге қызмет көрсетіп, қаланың тазалық, абаттандыру және өзге де коммуналдық салаларында жұмыс істеп жүрген еңбек адамдарының мәртебесі көтерілген салтанатты жиында 12 азаматқа қала әкімінің алғыс хаты тапсырылды. Сонымен қатар тазалық пен абаттандыру саласында талмай еңбек етіп жүрген бригадирлер – Аят Сыздықова мен Мадияр Әбдраевты, өндіріс бөлімінің инженері Айжан Абдиатованы және аула сыпырушы Өмірбек Сыдықовты «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. 5 азамат қалалық мәслихат хатшысының алғыс хатын иеленді. Жалпы «Ел алғысы – еңбекке» мерекелік акциясы аясында 300-ден астам еңбек адамына арнайы сыйлықтар берілді.