​ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯ НАҚТЫ ӨНДІРІСКЕ ҰЛАСУДА

0
99


​ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯ НАҚТЫ ӨНДІРІСКЕ ҰЛАСУДА

ERNUR.KZ. Түркістан қаласында өндіріс үшін жер ғана емес, нақты мүмкіндік пен нәтиже қалыптасып келеді. Қалада жаңа өндірістік алаңдар қалыптасып, инвестициялық жобалар қарқынды іске қосылуда. Ең маңыздысы – бұл жобалардың әрқайсысы жаңа жұмыс орындары мен нақты экономикалық нәтижеге бағытталған.


Бекзат мөлтек ауданындағы 20 гектарлық шағын өндірістік парк – соның бір мысалы. Мұнда болашақта 26 өндірістік ғимарат салынады. Қазір алғашқы бес нысан дайын. Ал паркке жоспарланған 11,8 млрд теңге инвестиция нәтижесінде 570 адам жұмыспен қамтылмақ.

Бұл аумақта су, газ және электр есептегіштерінен бастап, құрылыс панельдері, аккумуляторлар мен электронды өнімдерге дейін түрлі тауар өндіріледі.

Өндіріс бағыты бұдан да кеңейіп келеді. «ER-QAN GROUP» кәсіпорны 4 млрд теңге инвестициямен полиэтилен пакеттері мен бір реттік пластик ыдыстар өндірісін іске қосты. Ал «KazAgroPlast» агропленка және тамшылатып суару өнімдерін шығаруды қолға алуда. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 1 мың тоннаға дейін.

Бұл жобалардың барлығына ортақ мақсат – Түркістанда өндірілген өнім көлемін көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті экономиканың қуатын арттыру.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы аралау барысында өндірістік нысандардың құрылысын ғана емес, олардың толық қуатында жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Осы ретте инженерлік инфрақұрылым, электр қуаты, су, газ және басқа да қажетті желілер бойынша жұмыстар жалғасуда.