Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

0
54

Облыста мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда.


Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

Түркістан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы» мерекелік іс-шара өтті.


Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Сонымен қатар тілді дамытуға үлес қосқаны үшін бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің төсбелгісін, Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.


Мереке қарсаңында облыстағы тілдерді оқыту орталықтары арасында «Үздік орталық», «Үздік жарнама» байқаулары ұйымдастырылған болатын. Іс-шара барысында үздік деп танылған 5 орталық пен 3 аудан марапатталды. Іс-шараға келушілер алдымен аудан, қаладағы орталықтардың дайындаған көрмесін тамашалады. Содан соң концерттік бағдарламаға ұласып, өңірдің өнерпаздары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Облыста мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елімізде сан алуан этностардың мәдениетін сақтауға және дамытуға да мүмкіндік жасалған. Өңірде 11 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ал қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге ынталы азаматтар үшін облыс аумағында тілдерді тегін оқытатын 17 орталық жұмыс жүргізуде.


Өңірде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесіндемемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғындар үлесі 92 пайызға жетсе, орыс тілін меңгергендер – 64%, ал ағылшын тілін білетіндер – 16,2 пайыздан асты.


Айта кетейік, ең алғаш елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылы қыркүйектің үшінші жексенбісі бекітілген болатын. 2017 жылдан бастап тіл мерекесі Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп, 5 қыркүйек күні болып бекітілді. Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған.

Бөлісу