Түркістанда Қазақстан жастар құрамасының тағы бір кездесуі өтті

0
76

Ойын «Түркістан Арена» стадионында өтті.


Түркістанда Қазақстан жастар құрамасының тағы бір кездесуі өтті

Қазақстан U21 құрамасы өз алаңында Ирландия жастарын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан U21 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Ирландия жастарын қабылдады. Кездесу өте тартысты өтті. Алайда матчтың соңғы минуттарында жіберілген жалғыз гол ойын тағдырын шешіп, есеп 0:1 болып тіркелді.


Ойын «Түркістан Арена» стадионында өтті. Кездесуге 6100 жанкүйер жиналып, ұлттық құрамаға үздіксіз қолдау көрсетті. Стадиондағы атмосфера жоғары деңгейде болды.


Матч аяқталғаннан кейін түркістандық жастар стадионда қалып, тазалық жұмыстарына көмектесті. Бұл олардың жауапкершілігі мен мәдениетінің жоғары екенін көрсетті.


Осылайша, «Түркістан Арена» стадионы Қазақстан жастарының екінші кездесуін де қабылдап, үлкен футбол матчтарын өткізуге дайын, жанкүйері белсенді қала екенін дәлелдеді.

Бөлісу