Түркістанда хоккейден «Жастар лигасы» ойындары өтті

0
56

Тартысқа толы кездесуде екі ұжым да жеңіс үшін барын салды.


Түркістанда хоккейден «Жастар лигасы» ойындары өтті

Түркістан қаласындағы «Мұз сарайы» спорт кешенінде «Біз терроризмге қарсымыз» ұранымен Қазақстан Республикасының «Жастар лигасы» аясындағы кезекті тур ойындары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бейбітшілік пен татулықты ту еткен кездесуде Түркістан облысының «Тұран Тайгерс» командасы өз алаңында елордалық «Барыс» клубын қабылдады.


Тартысқа толы кездесуде екі ұжым да жеңіс үшін барын салды. Алайда көпжылдық тәжірибесі бар астаналық хоккейшілер шеберлік танытып, ойын тағдырын өз пайдасына шешті. Айта кетейік, биылғы маусымда «Жастар лигасына» еліміздің 13 командасы қатысуда. Қазіргі таңда түркістандық команда турнир кестесінде 9-орында тұр. Келесі тур ойындарын «Тұран Тайгерс» 14-15 ақпан күндері Өскеменнің «Торпедо» командасына қарсы өткізеді.


Сонымен қатар, іс-шара аясында «Біз терроризмге қарсымыз» тақырыбында өткен жас суретшілер байқауының жабылу салтанаты өтті. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1-орын Арман Қожабаевқа бұйырды. 2-орынды Александр Кузников иеленсе, 3-орын Аяулым Баянғалиға берілді. Жеңімпаздар мен үздіктерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмырзаев, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, полиция департаментінің бастығы Арыстанғали Заппаров, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров марапаттады.

Бөлісу