​Түркістанда қоғамдық көліктердегі жолақы бағасы ретке келтірілді

0
1 626

Бұған дейін барлық қоғамдық бағыттардағы шағын автобустар 50 теңге болып келсе, №1, №1 «А» бағыттарындағы автобустар 40 теңге болатын. Ендігі кезекте барлық қоғамдық бағыттағы көліктер бір бағаны ұстанып отыр.


​Түркістанда қоғамдық көліктердегі жолақы бағасы ретке келтірілді

Түркістан қаласы әкімдігінің 27 желтоқсан 2016 жылғы №1778 санды қаулысы негізінде 1 қараша 2018 жылдан бастап қалаішілік №1, №1 «А» бағыттарындағы бір жолаушының жолақысы 50 (елу) теңге болып белгіленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ендігі кезекте барлық қоғамдық бағыттағы көліктер бір бағаны ұстанып отыр. Осы жөнінде түркістандық тұрғындардан естіп, «Автобустар мен шағын автобустардың бағасында он теңге айырмашылық болғанын ескеріп шағын автобустар 60 теңге болып өзгертіледі ме?» деген сұраққа жауап іздеп көрдік.
"Бұл баға екі жыл бұрын Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес заң жүзінде өзгертілуі тиіс болатын. Деседе «Жолаушы» ЖШС-нің құрылтайшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Рахым Тәңірбергенов қала халқына жағдай жасау мақсатында аталған автобустардағы жол жүру ақысын 40 теңгеден аспауын басты назарда ұстады. Жанар-жағармай, көліктер бөлшектерінің (запчасть) қымбаттауына байланысты 50 теңгеге көтеруге мәжбүр болдық. Осы орайда қоғамдық бағыттардағы барлық көліктердегі жолақы бағасы бірізге келіп, 50 теңгеге тұрақтады",- деді
«Жолаушы» ЖШС-нің атқарушы директоры Бағдат Елшібаев. Айта кетейік, жол жүру бағасының тарифіне өзгерістер енгізуге Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары құзыретті. Қандайда бір өзгеріс бюджеттік комиссияда қаралып, салықтық түсімдер мен экономикалық өсімге байланысты қажеттілігіне қарай көтеріледі.