Аудан, қала әкімдері селекторлық режимде қосылды.
Түркістанда қоғамдық-саяси ахуал бойынша апталық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары мен тиісті басқармалардың басшылары қатысты. Аудан, қала әкімдері селекторлық режимде қосылды.
Штаб отырысында тұрғындар жиі көтеретін өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Мәжіліс қорытындысында облыс әкімінің орынбасары халықпен тиімді кері байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен тиісті құзырлы мекемелерге, қала және аудан әкімдеріне құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.


