Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді

0
56

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 30 млн теңге.


Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді

Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында заман талабына сай көпфункционалды ипподром құрылысы аяқталды. Осы нысанның ашылу салтанатына орай, 16-21 наурыз аралығында көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 10 құрамасы қатысып, жалпы саны 200 спортшы өзара мықтыны анықтайды. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 30 млн теңге. Дүбірлі додаДүниежүзілік көкпар федерациясы есебінен қаржыландырылады деп күтіліп отыр.


Жарыс бағдарламасына сәйкес, 16-20 наурыз аралығында (10:00 - 18:00) топтық ойындар ұйымдастырылса, 21 наурыз күні (10:00-16:00) шешуші финалдық кездесулер өтеді.


Түркістан төрінде өтетін әлем чемпионаты ұлттық спортты халықаралық деңгейде насихаттап, көкпардың беделін арттыруға бағытталған маңызды спорттық оқиға болмақ. Айтулы сынға елімізбен қатар шетелдік саяхатшылар мен спорт жанкүйерлері келеді деп жоспарланған.


Айта кетейік, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы Астанада өткен болатын.

Бөлісу