Түркістанда «Мерейлі отбасы - 2019» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

0
1 858

Шара Түркістан облыс әкімдігінің және Түркістан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.


Түркістанда «Мерейлі отбасы - 2019» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысында «Мерейлі отбасы - 2019» ұлттық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау бойынша салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Шараның мақсаты - отбасы институты, адамгершілікті, руханилықты, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін, отбасы құндылықтарын насихаттау, кәмелетке толмаған балаларды еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарына қамқорлық жасауға үгіттеу, сонымен қатар қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2019 жылы 24 мамыр күні Түркістан облысының «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия отырысы өтті. 16 аудан, қаладан 58 отбасы ұсынылып, 30 отбасы үздік деп танылған.
«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсынаерекше маңыз беріп, мемлекеттің отбасы мен неке мәртебесін нығайту мәселесіне қамқорлығы мен назарын бөлу мақсатында өткізілген салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаттары, сонымен қатар, облыстық басқарма басшылары, облыстық этномәдени орталықтарының өкілдері, облыстың зиялы қауымдары, облыс ардагерлері, білім саласының қызметкерлері, жастар өкілдері, Түркістан әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері, Үкіметтік емес ұйым басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысының бастамасымен, бүгінде алтыншы рет өткізіліп, дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық қорытынды кезеңінде облыс әкімі Ө.Шөкеевтің алғыс хатымен қатысқан барлық 28 отбасы өкілдері (лауреаттары) 200 000 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталып, 2 отбасы: Шардара ауданынан Қарсыбаевтар отбасы және Бәйдібек ауданынан Еркебаевтар отбасылары, 1 000 000 теңгеден қаржылай сыйлыққа ие болып, қыркүйек айындағы отбасы күніне орай өтетін Республикалық байқауға жолдама алды.
Мәңгілік ел болуды мақсат тұтқан Қазақ елінің әрбір отбасының мерейі үстем болғай!