Түркістанда «Өңірлік экспорттаушылар кеңесі» өтті

0
704

Кеңесте өндірісті дамыту, экспортты ұлғайту мәселелері талқыланды.


Түркістанда «Өңірлік экспорттаушылар кеңесі» өтті

«Turkistan Invest» өңірлік агентігінің ұйымдастыруымен «Өңірлік экспорттаушылар кеңесі» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы инвестиция тарту және экспортты дамыту жөніндегі «Turkistan Invest» өңірлік агентігінің ұйымдастыруымен «Өңірлік экспорттаушылар кеңесі» өтті. Кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «ҚазСтандарт» мекемесі, сонымен қатар, облыстағы ірі экспорттаушылар қатысты.


Кеңесте өндірісті дамыту, экспортты ұлғайту мәселелері талқыланды. Ұсыныстар айтылып, отандық өнімнің әлеуетін көтеру жолдары сараланды.


Айта кетейік, Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 12 айында 1 511,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға жоғары.


2022 жылы Түркістан облысынан экспорт 21%-ға өсіп, 932,5 млн. АҚШ долларын құрады.


Шикізаттық емес экспорттың оң серпініне негізгі үлес қосқандар: ірі қара мал — 52,1 млн. АҚШ доллары немесе 291,1%-ға, қой еті 25,9 млн. АҚШ доллары немесе 3700%-ға, бидай ұны 20,3 млн. АҚШ доллары немесе 213,7%-ға, балық филесі 11,1 млн. АҚШ доллары немесе 194,7%-ға орындалса, трансформаторлар өндірісі 3,5 млн. АҚШ долларын құраған.