Түркістанда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы аталып өтті

0
219

Меморандумның мақсаты – олыстағы әртүрлі деңгейдегі Ардагерлердің өзара бірлігін нығайту


Түркістанда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы аталып өтті

Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын атап өту мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.


– Бүгін біз ұлы тұлға, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойын атап өту үшін жиналдық. Бұл шара – батырымыздың ерлігін, отаншылдық рухын және халқымыз үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету. Бүгінгі іс-шара – Рақымжан Қошқарбаевтың мұрасын мәңгі сақтау, оның атымен байланысты тарихи оқиғаларды жаңғырту, болашақ ұрпаққа жеткізу үшін маңызды сәт. Біз оны ұмытпай, жадымызда сақтауға міндеттіміз, – деді Ертай Кенжебекұлы.


Мерекелік іс-шара аясында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.


Меморандумның мақсаты – олыстағы әртүрлі деңгейдегі Ардагерлердің өзара бірлігін нығайту, «Ардагер» деген құрметті есімнің мәртебесін көтеру, ұлағатты өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, дәстүр сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарын сақтау.

Бөлісу