​ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 100 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

0
376


​ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 100 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ERNUR.KZ. Республика күніне орай облыс орталығында 100 түп ағаш отырғызылды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, зиялы қауым өкілдері, депутаттар, Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық сала өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Олар орталық мешіт ауласына, «Керуен сарай» маңындағы «Арена» алды мен туризим университетінің жанына сәндік ағаштар, бозарша, қарағаш, шаған, үйеңкі, сынды ағаш түрлерін екті.


Игі бастамаға қолдау білдірген облыс әкімі Дархан Сатыбалды көппен бірге ағаш көшеттерін егіп, ағаш отырғызу – экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. Әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосу керектігін жеткізді.

“Таяуда Президентіміз Түркістан өңіріне жасаған сапарында Түркістанның таза әрі көрікті қалаға айналғанын атап өтті. Түркістанды бақпен көмкерілген шаһарға айналдыру үшін жасыл желек қорын ұлғайтуға міндеттіміз. Біздің әсем қаламыз бұрынғыдан да сұлу әрі жасыл желекке бөленуі үшін қалалықтарды осы бастаманы қолдауға шақырамын, “– деді облыс әкімі.

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Жоспар аясында бүгінгі күнге дейін 2 миллионға жуық көшет егілді. Оның ішінде, Түркістанды көгалдандыруда жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Биылғы жылдың соңына дейін облыс бойынша 500 мыңнан аса көшет егіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жүріп жатыр.