Түркістанда Сарыағаш шипажайын жақсарту жұмыстары талқыланды

0
289

Өңірдегі 75 шипажайдың 60-ы осы ауданда. Алайда


Түркістанда Сарыағаш шипажайын жақсарту жұмыстары талқыланды

Түркістанда Сарыағаш шипажайын жақсарту жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан өңірінде емдік-сауықтыру туризмі дамып келеді. Бұл тұрғыда Сарыағаш ауданының үлесі зор. Өңірдегі 75 шипажайдың 60-ы осы ауданда. Алайда оның ішінде 3 шипажай статистика органдарына тіркелмеген. Бүгін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде Сарыағаш шипажайлары мен ондағы мәселелер қаралды. Өңір басшысы жауапты құрылымдарға мұқият қарауды тапсырды.


Жиын барысында «Сарыағаш» Емдеу оңалту кешені» ЖШС басшысы Төлеген Байсейітов өз кезегінде шипажайдың қазіргі жағдайы туралы баяндады. 2024-2028 жылға дейінгі дамыту жобасын таныстырды. Биыл сондай-ақ, корпустың ішін, қасбетін ағымдағы жөндеу жұмыстары мен шатырын ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып, қазіргі уақытта жобалық сметалық құжат дайындалған. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстары да қолға алынбақ. Өңір басшысы жұмысты қысқа мерзім ішінде қайта жандандырып, кемшіліктерді түзету бойынша нақты тапсырмалар берді.


Бұдан бөлек облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев баяндама жасап, облыстағы жалпы туризм саласының дамуына тоқталды. Қазіргі таңда емдік туризмнің басты келелі мәселелері қызмет көрсету сапасының төмендігі, шипажайлардың ретсіздігі және ұңғымалар санының аздығы болып отыр. Аталған мәселелерді шешу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар облыс әкімдігі тарапынан атқарылған мониторинг жұмыстары баяндалды.


Айта кетейік, Сарыағаш» Емдеу-оңалту кешені» ЖШС 2013 жылы облыстық коммуналдық меншіктің құрамына қабылданған. 2023 жылы демалушылар саны 15 416 адамды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 480 адамға өскен. Мұнда азаматтарды емдеу, оңалту және сауықтыру ісі бойынша 37 қызмет түрі жүзеге асырылады.