Түркістанда спорттық киімдер шығаратын зауыт ашу бойынша келіссөз жүргізілді

0
74

Тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстарды қарастырып, өзара ынтымақтастықты нығайту бағытында келіссөзді жалғастыруға уағдаласты.


Түркістанда спорттық киімдер шығаратын зауыт ашу бойынша келіссөз жүргізілді

Түркістанда спорттық киімдер шығаратын зауыт ашу мәселесі бойынша келіссөз жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвестормен кездесті. Кездесу барысында әлемге танымал спорттық киімдер өндіруші компанияның Түркістан облысында өндіріс орнын ашу жоспарлары талқыланды.


Компания өкілі өңірдің инвестициялық әлеуетіне қызығушылық танытып, мақта шаруашылығы дамығанынан хабардар екенін жеткізді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Түркістан қаласында спорттық киім тігетін зауыт ашуға ниетті екенін айтты.


Кездесу барысында қонақтарға Түркістан облысының индустриалды мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, индустриалды аймақтардың инфрақұрылымы, логистикалық артықшылықтары, жұмыс күші және инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кеңінен ақпарат берілді.


Нұралхан Көшеров шетелдік және отандық инвесторлар үшін Түркістан облысында өндіріс ашуға барлық жағдай жасалғанын айтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.


Тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстарды қарастырып, өзара ынтымақтастықты нығайту бағытында келіссөзді жалғастыруға уағдаласты.

Бөлісу