Түркістанда тағы бір маңызды жол салынып бітті

0
787

Жол "Керуен сарайына" апарады.


Түркістанда тағы бір маңызды жол салынып бітті

Түркістан облысының орталығында жаңа жол салынды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы рухани-мәдени орталық пен айналма жол жанында салынып жатқан "Керуен сарай" кешені арасын жалғайтын 750 метр ұзындықта Б.Батырбеков көшесінің құрылысы, яғни тасжол төсеу жұмыстары аяқталды. Төрт жолақты жол осы аумақтағы барлық нысандарға баратын негізгі көше болып табылады. 10 күнде жол құрылысы аяқталып, нәтижесінде "Ұлы дала елі" орталығы, "Қабылдау орталығы", "Драма театр", "Шығыс моншасы"," Халықаралық туризм және меймандостық" университеті, Тұңғыш Президент саябағы сынды нысандарды тамашалауға мүмкіндік береді.

Одан өзге, қазірде жол жиегінде жасыл желек егіліп, суландыру жүйесі жүргізіліп жатса, кезеңімен аяқжол, вело жол, жарықшамдар, аялдама орнатылатын болады.

Сондай-ақ, қазір облыс орталығындағы экономикалық аумақта бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, онда жалпы құны 400 млрд теңгеден астам қаржыны құрайтын жобалар іске асырылмақ. Нәтижесінде 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұл дегеніміз, рухани астананың экономикасы да, халқының тұрмыстық жағдайы да едәуір жақсарады деген сөз.