Түркістанда теологтардың біліктілігін шыңдауға арналған оқу-тренинг өтті

0
85

Оқу бағдарламасы интерактивті форматта ұйымдастырылып, практикалық жаттығулар мен кейстік тапсырмалар берілді.


Түркістанда теологтардың біліктілігін шыңдауға арналған оқу-тренинг өтті

Түркістанда теологтардың кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған оқу-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістандағы Достық үйінде облыстық дін істері басқармасының ұйымдастырыумен өңірдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға, теологтар мен топ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталған тренинг өтті.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық дін істері басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, психолог Ақмарал Сихымбайқызы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің басшылығы мен мамандары, қала және аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің дін саласына жауапты қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері, мешіт имамдары мен әйелдер секторының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Тренинг барысында қатысушыларға көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, аудиториямен тиімді байланыс орнату, ақпаратты сауатты жеткізу, сенімді коммуникация қалыптастыру, пікірталас жүргізу және күрделі сұрақтарға кәсіби жауап беру әдістері бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді. Сонымен қатар қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, халықпен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдерін меңгереді. Оқу бағдарламасы интерактивті форматта ұйымдастырылып, практикалық жаттығулар мен кейстік тапсырмалар берілді.

Аталған бағыттағы оқу сабақтары алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл бастама теологтар мен ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және діни саладағы өзекті мәселелер бойынша білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бөлісу