Түркістанда «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті

0
73

Бірінші кезеңде қатысушылар қазақ тіліндегі көнерген сөздердің мағынасын ашты.


Түркістанда «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті

Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Түркістан облысы әкімдігі бірлесе ұйымдастырған.


Байқауға 15 өңірден іріктеуден өткен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Олар үш кезең бойынша білім сынады. Бірінші кезеңде қатысушылар қазақ тіліндегі көнерген сөздердің мағынасын ашты.


Екінші кезеңде орыс тілінде Қазақстанның аймақтары мен ұлттық құндылықтары туралы сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде ағылшын тілінде Қазақстанның ұлы тұлғалары мен ұлттық дәстүрлері туралы танымдық тақырыптарды түсіндіріп берді.


Қазылар алқасы құрамындағы үш тілді меңгерген филолог ғалымдар мен түрлі сала мамандары қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі мен кәсібилігін жоғары бағалады. Байқаудың тартысты өткенін айтып, барлық қатысушыға алғысын білдірді. Марапаттау рәсіміне Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.


Байқау қорытындысы бойынша І орынды Нұрғазы Ардақ (Алматы қаласы), ІІ орынды Бердібек Нұрхат (Қызылорда облысы), ІІІ орынды Жақсан Рауан (Қостанай облысы) мен Мұханбетқалиев Дәулетжан (Орал қаласы) иеленді. Ынталандыру сыйлығы Бекмұханбет Ринатқа (Атырау облысы), Мұқашев Сламбекке (Алматы облысы), Бердібек Сұлтанға (Түркістан облысы), Жантаева Алияға (Ақмола облысы), Бейсалы Мадиярға (Ұлытау облысы) бұйырды. Өзге де қатысушыларға алғыс хат табысталды.

Бөлісу