Түркістанда тіркелген қылмыстардың 81 пайызы ашылған

0
601

522-ден 330-ға азайған.


Түркістанда тіркелген қылмыстардың 81 пайызы ашылған

Түркістан қаласында жыл басынан бері тіркелген қылмыстардың 81 пайызы ашылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда қала әкімі жанындағы құқықбұзушылық практикасы жөніндегі ведомтсвоаралық комиссияның кестеге сәйкес кезекті кезекті отырысы өтті. Комиссия төрағасы, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков комиссия мүшелерінің баяндамаларын тыңдады.


Түркістан қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Мұратовтың мәлімдеуінше, шаһарда қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 36,7 пайызға (522-ден 330-ға) азайған. Ал қылмыстардың ашылу деңгейі 81 пайызды құраған.


Келесі болып баяндама жасаған қалалық Жастар орталығының директоры Алия Пержанова жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу түсіндірме жұмыстарының көрсеткіштері бойынша баяндады.


Шаһар басшысы орталық қызметін сынға алып, жұмыстарды жандандыру керектігін ескертті.


«Жастар – қоғамды құраушы негізгі күш. Сондықтан, жұмыс көрсеткіштерін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде көрсетіңіздер», – деді қала әкімі өз сөзінде.


Отырыс нәтижесімен зерделенген жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берілді.