Түркістанда «Түркістан төрінде» атты сырласу-сұхбат кеші өтті

0
2 444

Жиында мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары, көрнекті қаламгерлер – Төлен Әбдік және Нұрлан Оразалин, танымал жазушы, кинодрамматург Смағұл Елубай Түркістан жұртшылығымен жүздесіп, ашық пікір алмасты.


Түркістанда «Түркістан төрінде» атты сырласу-сұхбат кеші өтті

Түркістан қаласында тағы бір тың жоба жүзеге асты. «Түркістан төрінде» атты сырласу-сұхбат кеші өтіп, қатысушыларды үлкен әсерге бөледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен кездесуді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ашып береді. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Мархабат Байғұт жүргізді.

Жиында мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары, көрнекті қаламгерлер – Төлен Әбдік және Нұрлан Оразалин, танымал жазушы, кинодрамматург Смағұл Елубай Түркістан жұртшылығымен жүздесіп, ашық пікір алмасты.
Қазақстанның және түркі әлемінің көрнекті ақын-жазушылары мен қоғам қайраткерлерін, спорт және өнер жұлдыздарын, кәсіпкерлерін, айтар ойы бар зиялы өкілдерін шақырып, пікір алмасу мақсатында өткен басқосуда қоғамның дамуы, Түркістан өңірінің гүлденуі, оның даму бағыттары туралы ой қозғалып, салиқалы сұхбаттар жүргізілді.
Айта кету керек, терең мәнді жүздесулер өткізу арқылы жаңа облыстың рухани, мәдени, зияткерлік деңгейін көтеріп, бірлік пен ынтымақты, тұрақтылықты жан-жақты нығайтуға үлес қосу көзделген. Елімізге танымал тұлғалардың айтқан ойлары мен өнегелі ойлары арқылы жастарға, тұрғындарға ой салу, рухани-мәдени әлеуетін көтеру де басты назарда.