Түркістанда «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

0
144

Қатысушылар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сауалдарын қойып, арнайы мамандардан қажетті жауап алып отырды.


Түркістанда «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Түркістанда «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «ҚР Әділет министрлігінің» және Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп»тақырыбында жастармен ашық диалог өтті.


Іс шараның мақсаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңес беру. Келелі кездесуді Жастар ресурстық орталығы КММ-нің маманы Ақтөре Қайрат жүргізіп отырды.


Жиынға Түркістан облысының Әділет департаментінің «Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету» бөлімінің басшысы, Нұрлан Ербекешов, білікті адвокаттар Салтанат Көпжасарова, Полат Жандарбеков, жеке сот орындаушы Ғалымжан Егембердиев қатысып, құқықтық сауаттылық тақырыбында ой пікірімен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.


Кездесу соңында жастар мен спикерлер арасында еркін форматта сұрақ-жауап өткізілді. Қатысушылар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сауалдарын қойып, арнайы мамандардан қажетті жауап алып отырды.

Бөлісу