Түркістанда жаңа базар іске қосылды

0
4 290

Базар басшылығының айтуынша саудагерлермен алғашқы айларда ақысыз, келесі айлардан бастап келісім-шарт негізінде жұмыс жасамақ.


Түркістанда жаңа базар іске қосылды

ERNUR.KZ. Түркістанқаласында жаңа «Алтын бұлақ» әмбебап базары іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Сырдария» сауда орталығының маңынан бастап орталық «Қуаныш», «Азиз» базарларының аралығындағы аймақтарда ретсіз орындардағы саудагерлер жаңа базарда суда жасауға кірісті. Қазіргі уақытта «Алтын бұлақ» әмбебап базарында сауда жасауға 1000-нан астам кәсіпкер ниет танытып отыр. Базар басшылығының айтуынша саудагерлермен алғашқы айларда ақысыз, келесі айлардан бастап келісім-шартнегізінде жұмыс жасамақ.

Атап айтсақ, бір жеті бұрын Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтың тапсырмасына сәйкес ретсiз сауда орындарын болдырмау, заң талаптарын түсiндiру мақсатында құрылған жұмысшы топ кезектi рейдтiк шара ұйымдастырған болатын. Қала әкiмiнiң орынбасары Т.Мұсаев пен қала әкiмiнiң кеңесшiсi Қ.Сарманов бастаған жұмысшы топтың мүшелерi кәсіпкерлерге хабарландыру парақшасын таратып, «Алтын бұлақ», «Жұма» базарлары, «Дархан» сауда орталығының бос ғимараттарына орналасуға шақырды.

Нәпақасын базардан тауып отырған жандар «аталмыш сауда базарларына бiр айдан соң көшсек деген» ұсынысын тыңдаған жұмысшы топ мүшелерi 3 күнде көшулерiңiз қажет деген шешiмнiң жетi күн мерзiмге дейiн ұзартылатынын айтқан. Арада келісілген уақыт таяғанда кейбір саудагерлер заңсыз сауда орнынан кетпеуге бекініп, нәжижесінде заңсыз құрылыстар арнайы техникалардың көмегімен сүріліп тасталды. Базар маңындағы заңсыз құрылыстарды сүру жұмыстарыәлі де жүргізілуде.

Ал, салынғанына бірнеше жыл болған«Алтын бұлақ» әмбебап базарында бұған дейін саудагерлер сауда жасап көрген-ді. Ол уақытта қоғамдық көліктердің қатынауы мен адам аяғы аз баратын болғандықтан сауда жасау қолайсыздық тудырған. Бүгінгі таңда аталмыш базарларға №1, №3, №6, №8, №12, №2«А», №9«А» қоғамдық көліктерімен баруға болады.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар қалада базарлар саны көбейгенін құптайды. Дәл қазіргі уақытта орталық базарда ата-аналардың балаларына мектеп формасын алу үстінде. Сол үшін бір жағынан бала-шағасын жетектеген жандардан аяқ алып жүру қиын болса, екініші жағынан бәсекелестік артып, тауарлар біршама төмен бағамен саудаланады деген пікірде.