Түркістанда «Жас сарбаз» әскери клубы ашылды

0
1 142

Оқушылар жас сарбаз куәлігіне ие болды.


Түркістанда «Жас сарбаз» әскери клубы ашылды

Түркістандағы Ататүрік мектебінде «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел Президенті биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты Түркістан қаласындағы Ататүрік мектебінде «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы ашылды.


Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Н.Дүйсебаевтың нұсқауымен қолға алынған іс-шараға . «Түркістан облысы бойынша Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т. Бегимов, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев, Түркістан облысы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасының міндетін уақытша атқарушы А. Шекербек, Түркістан қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығы полковник Н. Ахметұлы және өзге де азаматтар қатысып, оқушыларға жалынды ойларын айтты.


Сондай-ақ, мектеп директоры Р.Үрімова келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, оқушыларының биіктен көрінетініне сенім білдірді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. «Жас сарбаз» клубына 10 ұл мен 5 қыз қабылданып, жас сарбаз куәлігіне ие болды.