Түркістанда жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр

0
556

30, 32, 36 көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде.


Түркістанда жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр

Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Атап айтқанда, 30, 32, 36 көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі мен салаға жауапты басшылардың тұрақты қадағалауында тұр.


Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов салаға жауапты басшылармен бірге Түркістан қаласында құрылысы жүріп жатқан жол нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылады. Мердігерлермен кездесіп, жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімі бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.


Қазіргі таңда «Каратас Майнинг» ЖШС тарапынан Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 30-көшенің асфальт жабындысы төселіп, көгалдандыру жұмыстары басталуда. Сонымен қатар 32-көшенің негізгі қабаты төселіп, алдағы уақытта көгалдандыру жұмыстары басталмақ. Бұдан бөлек, «Bazis Construction» ЖШС 36-көшенің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде аталған көшенің негізгі қабаттары төселіп, асфальт жабындысын салу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл көше пайдалануға тапсырылған соң, Б.Саттарханов көшесіндегі, 9 және 11 көшелердегі көлік кептелістер азайып, Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Түркістан халықаралық әуежайына баратын жолды байланыстыратын болады. Нысанның құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.


Облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты басшыларға жол құрылыс жұмыстарын тұрақты қадағалауға алуды, жол сапасын тексеретін арнайы мекемелермен «Жаңа қала» мөлтек ауданы аумағындағы жаңа жолдардың жәй-күйін қайта тексеруден өткізіп, кемшіліктерді кепілдік негізінде қалпына келтіруді тапсырды.


Биыл Түркістан аумағында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 1061,3 шақырым жолдар мен көшелер қамтылды. Оның ішінде, облыстық маңызы бар 379,5 шақырым жол болса, аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 97,3 шақырым. Сондай-ақ елді мекендерде 584,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Жыл соңына дейін 559,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Бөлісу