Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен спортшылар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған спартакиада журналистер қауымын бір арнаға тоғыстырған тағылымды шараға айналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл сегізінші рет өткен спорттық додада әріптестеріміз күнделікті ақпарат майданындағы еңбегімен ғана емес, спорттағы шеберлігімен де сынға түсті. Салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат еткен жарыс тартысты бәсекеге, көтеріңкі көңіл-күй мен достық қарым-қатынасқа толы болды.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының және спорт басқармасының қолдауымен, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен спартакиадаға «Тұран БАҚ», 77 TV, «Ontustik» телеарнасы, «Жанубий Қозоғистон» газеті, «Janubiy.kz» сайты, Turkistan телеарнасы, «Рейтинг-Собкор», АТО және «УАҚЫТ TV» командалары қатысып, спорттың 4 түрінен өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен спортшылар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Сонымен, спорттық доданың қорытындысы бойынша:
ФУТБОЛ
І орын – «Тұран БАҚ» командасы
ІІ орын – «Turkistan.tv» командасы
ІІІ орын – «Рейтинг-Собкор» командасы
Номинациялар:
«Үздік шабуылшы» – Әбдіманап Әділет (АТО командасы);
«Үздік қорғаушы» – Еркінбек Бейсенұлы («Рейтинг-Собкор» командасы);
«Үздік қақпашы» – Өтелов Ержан («Ontustik.tv» командасы).
АРҚАН ТАРТУ
І орын – «Тұран БАҚ» командасы
ІІ орын – «Ontustik.tv» командасы
ІІІ орын – «77tv» командасы
Номинациялар:
«Үздік капитан» – Дәрібаев Батырбек («Ontustik.tv» командасы).
Үстел теннисі (ерлер):
І орын – Дәурен Тілеухан («Тұран БАҚ» командасы)
ІІ орын – Рүстем Жантілес («Рейтинг-Собкор»)
ІІІ орын – Хуршид Кочкаров («Жанубий Қозоғистон» командасы)
Үстел теннисі (қыздар):
І орын – Досжанова Рысгүл («Turkistan.tv»)
ІІ орын – Ташева Аида («Ontustik.tv» командасы)
ІІІ орын – Эльтаева Малика («Жанубий Қозоғистон» командасы)
ВОЛЕЙБОЛ
І орын – «Рейтинг-Собкор» командасы
ІІ орын – «Turkistan.tv» командасы
ІІІ орын – «Тұран БАҚ» командасы
Номинациялар:
«Үздік байланыстырушы» – Машай Дариға («Turkistan.tv» командасы);
«Үздік қорғаушы» – Қымбат Жарылқасын («Уақыт.tv» командасы);
«Үздік ойыншы» – Ержан Смағұлов («77tv» командасы).
Жалпы командалық есеп:
І орын – «Тұран БАҚ» командасы – 56 ұпай;
ІІ орын – «Turkistan.tv» командасы – 42 ұпай;
ІІІ орын – «Ontustik.tv» командасы – 39 ұпай.


