Түркістанды түлетуге тер төккен адамдарға құрмет көрсетілді

0
633

Салтанатты шарағда 750 адам бас қосты.


Түркістанды түлетуге тер төккен адамдарға құрмет көрсетілді

Түркістанда еңбек адамдарына арналған мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда еңбек адамдарына арналған мерекелік кеш өтті. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков киелі шаһарды түлетуге тер төгіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, алғысын білдірді.


750 адам бас қосқан салтанатты шараға қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысып, адал еңбекті серік еткен жандарға ризашылықтарын жеткізді.


«Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Түркістанның бүгінгі келбеті үшін, оның көркі мен тазалығы үшін ең алдымен Сіздерге алғысымды білдіремін! Руханият төрінің жетістіктері жолында жұдырықтай жұмылып, аянбай жұмыс атқарған Сіздердің қала дамуында үлестеріңіз зор. Ырыстарыңыз ортаймасын, шырақтарыңыз сөнбесін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, ауызбіршілігіміз берік болсын! Дендеріңізге саулық, әр шаңыраққа шаттық, мол қуаныш тілеймін!», - деді қала әкімі өз сөзінде.


Мерекелік кештің сәнін кіргізген қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, әзілдерімен көпшіліктің көңілін көтерді. Ақ дастарқан басында еңбек адамдарына мерекелік сыйлықтар тапсырылды.