​Түркістандық 7 өнерпаз​ «Burabay Summer Fest» фестивалінде жеңімпаз атанды

0
2 474

Айта кетсек, өңірімізден аталған байқауға 10-16 жас аралығындағы 200-ден аса үміткер қатысып, 9 жанр бойынша бақ сынады


​Түркістандық 7 өнерпаз​ «Burabay Summer Fest» фестивалінде жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ. Астана қаласының 20 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткен «Burabay Summer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалінде жеті өнерпаз жүлделі орындарға қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Яғни, «Жетіген» ансамблі Бас жүлдені қанжығасына байласа, академиялық ән жанры бойынша Сарыағаш ауданынан Тұрарбек Әлима 1-орынды, Созақ ауданының жас көркемсөз оқу шебері Тұран Өсер 2-орынды, академиялық ән жанры бойынша Темірбекова Айгерім Маратқызы 2-орынды, классикалық музыкалық аспаптарда орындаушылар арасында сайрамдық Абдимажитов Нурилло және Ордабасы ауданынан Диас Айнабек 3-орынды, дәстүрлі ән жанры бойынша Сайрам ауданынан Аман Ерсін 3-орынды иемденді.

Айта кетсек, өңірімізден аталған байқауға 10-16 жас аралығындағы 200-ден аса үміткер қатысып, 9 жанр бойынша (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән, көркемдік оқу, ұлттық музыкалық аспаптарда орындау, классикалық музыкалық аспаптарда орындау, эстраданың сүйемелденуімен музыкалық аспаптарда орындау, хореографиялық және бейнелеу өнері) өнер көрсетіп, үздік деп танылған 32 үміткер ақтық кезеңге жолдама алған болатын.Фестивальдің мақсаты - еліміздің әрбір облыс, аудандарындағы дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттілігін дамыта отырып, орындаушылық шеберліктерін шыңдау, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, тәжірибе алмасу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің ұлттық өнері мен тарихына деген қызығушылықты арттыру, жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.

Дереккөз: Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы