Түркістандық Әлем чемпионы экоакцияға қолдау білдірді

0
313

Сенбілікке аудан тұрғындары мен еріктілерден жалпы 100-ге жуық адам қатысқан.


Түркістандық Әлем чемпионы экоакцияға қолдау білдірді

Түркістандық Әлем чемпионы экоакцияға қолдау білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында өткен экоакцияға унифайттан әлем чемпионы Ислам Аңламас жерлестерімен бірге қатысты. Атқарылған жұмыстар барысында Қарғалы ауыл округіндегі жасыл аймақта шөптер оталып, аяқжолдардың бойы қоқыс қалдықтарынан тазаланды. Сенбілікке аудан тұрғындары мен еріктілерден жалпы 100-ге жуық адам қатысқан.


Айта кетсек, ауылдағы 2,5 гектар аумақты құрайтын жасыл аймақ қоршалып, 3000 түп көшет егілген болатын. Бүгінде жасыл аймақта көшеттерді суару, күтіп-қарау жұмыстары да тұрақты түрде жүргізілуде.