Қорап-қорап алкогольді ішімдікті құдыққа тастап, сындырған.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғындары ішімдік пен нашақорлыққа қарсы видео түсірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған видеода өздерін Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай облысының жастары деп таныстырған тұрғындар бірнеше қорапқа салынған алкогольді ішімдікті құдыққа тастап, сындырған. Сонымен қатар, өздерінің ішімдік пен нашақорлыққа қарсы екендіктерін жеткізген.
Нәтижесінде, лезде таралған бұл видеоға әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Олардың бір бөлігі бұл бастаманы қолдаса, кейбіреулері «Показуха», «Далбаса тірлік! Одан да соны сатып алып, жарнама жасағанша, мәжбүр, мұқтаж жандарға беру керек еді!», - деген пікір білдіруде.