Қазақстанда “қандас“ мәртебесін алу ережелері өзгерді

0
54


Қазақстанда “қандас“ мәртебесін алу ережелері өзгерді

фото: 24.kz

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан және Ираннан 48 этникалық қазақ отбасы көшіп келді. Жалпы саны – 129 адам, деп жазады tengrinews.kz.

Мемлекет кандастарға көшіп келуге субсидиялар және тұрғын үй сатып алу үшін 7 миллион теңге көлемінде сертификаттар түрінде қолдау көрсетеді. Бұл ретте елде "қандас" мәртебесін алудың жаңа ережелері енгізілді.

"Келетін қандастар бірнеше кезеңнен, соның ішінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау тестінен, сауалнамадан және сұхбаттан өтуі тиіс. Бірінші кезең – Қазтест, өтініш беруші дұрыс жауаптардың кемінде 70 пайызын жинауы керек. Сертификат алғаннан кейін өтініш беруші сауалнамадан өте алады", - деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Назерке Тасқұлова.

Сауалнама арнайы порталда жүргізіледі. Жүйе өтініш берушінің әлеуетін жас мөлшері мен білімінен бастап, денсаулық жағдайына, тіпті Қазақстанда туыстарының бар-жоғына дейінгі кешенді критерийлер бойынша автоматты түрде бағалайды. Мақұлдау алу үшін кемінде 600 балл жинау қажет.