Түркістандық азамат «Жан шуақ» мерейтойлық сыйлығының иегері атанды

0
761

15 жыл ішінде «Жан шуақ» сыйлығы мүмкіндігі шексіз жандарға қуаныш сыйлап келеді.


Түркістандық азамат «Жан шуақ» мерейтойлық сыйлығының иегері атанды

Түркістан облысындағы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға күш салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Астанада «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Жан шуақ» сыйлығын өткізу ерекше қажеттіліктері бар мыңдаған адам үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан игі дәстүрге айналғанын атап өтті.


Партия төрағасының айтуынша, 15 жыл ішінде «Жан шуақ» сыйлығы мүмкіндігі шексіз жандарға қуаныш сыйлап келеді. Сынаққа төзіп, қиын-қыстау жолдан өткен олар бүгінде көмекке мұқтаж жандарға өздері қол ұшын созуда.


«Ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсету жұмысы әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Ел Президентінің бастамасымен Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша арнайы жобалар іске қосылып, ерекше қажеттіліктері бар жандардың құқықтарын қорғау үшін омбудсмен институты құрылуда», – деді Е.Қошанов.


Қазақстан мүгедектер конфедерациясының президенті, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Жанат Омарбекованың айтуынша, бұл сыйлықтың басты мақсатының бірі – ерекше қажеттіліктері бар жандардың тұлғалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға көмектесу, олардың алға жылжуға және қоғамға пайда әкелуге деген ұмтылысын қолдау.


Айтулы байқауда Түркістан облысы, Кентау қаласының тұрғыны Ерлан Әбдиев «Күшті жігері және жеңіске талпынысы үшін» сыйлығының иегері атанды. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға қарым-қатынас этикасы және ситуациялық көмек көрсету бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастырған. Әр аталым бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлық тапсырылды.