Түркістандық балуандар Қазақстан чемпионатынан олжалы оралды

0
495

Бағлан Сəдуақас теңге ілуден алтын медаль иеленді.


Түркістандық балуандар Қазақстан чемпионатынан олжалы оралды

Түркістандық спортшылар ел чемпионатынан бірнеше жүлде еншіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Көкшетау қаласында жамбы ату мен теңге ілуден жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары марапатталды. Еліміздің талантты балуандары қатысқан бұл республикалық жарыста түркістандық Бағлан Сəдуақас теңге ілуден алтын медаль иеленді. Қазақстан чемпионатында Батыр Бексауыт ел чемпионы атанды. Қазір ұлттық спорт түрлерін əлемдік деңгейде дамытып, өркендетуге ерекше көңіл бөлінген. Ұлттық спортқа деген қызығушылық жастар арасында артып келеді. Басқосуда төрт жыл сайын жалауы желбірейтін «Ақ бидай» ауыл спорт ойындарында облыс намысын қорғайтын түркістандық спортшылардың дайындықтары пысықталды.


Бұдан басқа, аударыспақтан Қызылорда облысы əкімінің Кубогіне арналған жарыста Түркістан облысының спортшылары 7 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді қанжығасына байлады. Төрт жыл сайын дүбірлі дода биыл Маңғыстау облысында өтеді. Түркістан облысының намысын қорғайтын облыстық ұлттық спорт түрлері олимпиада мектебінің талантты шəкірттері қызу дайындық үстінде.