Түркістандық дәрігерлер бет-жақ хирургиясы бойынша күрделі ота жасауды меңгерді

0
110

Аурухана базасында жоғары хирургтің қатысуымен үш балаға бет-жақ хирургиясы бойынша туа біткен ақауларына ота жасалды.


Түркістандық дәрігерлер бет-жақ хирургиясы бойынша күрделі ота жасауды меңгерді

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бет-жақ хирургиясы бойынша күрделі ота жасауды меңгерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бет-жақ хирургиясы бойыншакүрделі ота жасауда тәжірибе алмасты.


Оталар ҚР ДСМ-нің бас штаттан тыс балалар жақ-бет хирургі Ся-Тун-Чин Руслан Владимирович және ауруханадағы хирург дәрігерлерінің қатысуымен өтті. Аурухана базасында жоғары хирургтің қатысуымен үш балаға бет-жақ хирургиясы бойынша туа біткен ақауларына ота жасалды.


Дәрігерлердің сөзінше, күрделі операциялар сәтті өткен. Бет-жақ хирургия емі жасалған балалар отадан кейін медициналық ұйымда дәрігерлердің бақылауында болады.


Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерікүрделі бет-жақ сүйектері қабынған аурулар мен жарақаттары бар науқастарға көмек көрсетіп келеді. Жылына орталықта мұндай 560 ота жасалады.