Көрмеде тұрақты даму мен жаһандық жеткізу тізбегін жетілдіруге бағытталған ең озық, заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдер ұсынылды.
Түркістан облысына инвестиция тарту жұмыстары Қытай елінде жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысына инвестиция тарту, шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар Қытай елінде жалғасты. Іссапардың алғашқы күні Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров бастаған делегация ҚХР-ның Бейжің қаласында өткен «Болашақ үшін әлемді біріктіру» атты CISCE халықаралық көрмесіне қатысты.
Бұл бизнес шараға ғылым және технология салаларының жетекші өкілдер қатысып, жеткізу тізбегінің алты негізгі бағыты бойынша жетістіктерін көрсетті. Нақтырақ айтқанда, озық өндіріс, экологиялық таза энергия, ақылды көліктер, цифрлық технологиялар, салауатты өмір салты және жасыл ауыл шаруашылығы, сондай-ақ жеткізу тізбегі қызметтерінің жетістіктерін ұсынды.
Көрмеде тұрақты даму мен жаһандық жеткізу тізбегін жетілдіруге бағытталған ең озық, заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдер ұсынылды.
Маңызды шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары халықаралық компаниялар өкілдерімен кездесіп, экологиялық таза технологиялар, ақылды көлік шешімдері және жасыл ауыл шаруашылығын дамыту салаларында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Ірі компания өкілдерін Түркістан облысына инвестиция тартуға шақырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.