Командалық жарыста жүлделі үшінші орынға ие болды.
Түркістандық жас дзюдошылар ел чемпионатында 6 медаль олжалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Астана қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Кіл мықтылар жиналған бәсекеде Түркістан облысының жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 4 қола жеңіп алды. Сондай-ақ, командалық жарыста жүлделі үшінші орынға ие болды.
Ел чемпионатында жасындай жарқылдап өнер көрсеткен 48 келідегі талантты балуан Зайнул Нұрбала жеңістің шыңын бағындырды. Ал 50 келіде күрескен Ернұр Батырғали күміс жүлдеге ие болды. Дамир Сырлыбай мен Әлихан Назымханов, сондай-ақ, талантты жас балуан қыздар Аяулым Қалмырза мен Дарья Бейсембекова қола медаль иеленді.