Түркістандық ескекшілер VI Жастар ойындарының чемпионы атанды

0
141

2002-2009 жылдары аралығындағы 93 спортшы, 11 команда қатысты.


Түркістандық ескекшілер VI Жастар ойындарының чемпионы атанды

Түркістандық ескекшілер VI Жастар ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандарттағы ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден Қазақстанның VI Жастар ойындары аяқталды. 23-28 қыркүйек аралығында өткен сайыстарға 2002-2009 жылдары аралығындағы 93 спортшы, 11 команда қатысты.


Тартысты өткен жарыстар қорытындысы бойынша Түркістан облысының ескекшілері 26 медаль жеңіп алды. Оның ішінде – 9 алтын, 12 күміс және 5 қола. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.


Әр түрлі бағдарлама түрлерінде чемпион атанғандар:

Каноэшілер – Тұребеков Полат, Киселева Ульяна, Эргашханова Дильфузохон, Нұрғалиева Карина, Абдубаева Милана.

Байдаркашылар – Раматұлла Бекарыс, Тютюкина Евгения, Семеникина Карина, Халикова Альбина, Афанасьева Екатерина.


ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП:

1 орын: Түркістан облысы.

алтын – 9

күміс – 12

қола – 5

2 орын: Қарағанды облысы.

алтын – 7

күміс – 2

қола – 4

3 орын: Шымкент.

алтын – 6

күміс – 3

қола – 3

4 орын: Ұлытау (Жезқазған).

алтын – 4

күміс – 7

қола – 4

5 орын: Орал.

алтын – 3

күміс – 1

қола – 2

6 орын: Алматы облысы.

алтын – 3

күміс – 0

қола – 6

7 орын: Шығыс Қазақстан облысы.

алтын – 2

күміс – 1

қола – 1

8 орын: Астана.

алтын – 0

күміс – 5

қола – 2

9 орын: Алматы.

алтын – 0

күміс – 1

қола – 3

10 орын: Қызылорда.

алтын – 0

күміс – 1

қола – 2


Жастар ойындарының басты мақсаты – спортты дәріптеу, дарынды спортшыларды анықтау, олардың шеберлігін шыңдау және өңірлер арасындағы достық байланыстарды нығайту.


Осылайша, түркістандық байдарка мен каноэ ескекшілері еліміздегі үздіктер екенін дәлелдеді. Жарысқа қатысушылар Түркістандағы ескек есу кешенінің әлеуетін жоғары бағалады.

Бөлісу