Түркістандық кәсіпкерлер Өзбекстанда тәжірибе алмасты

0
885

Мақсат – Түркістан облысында жібек өнеркәсібін дамыту.


Түркістандық кәсіпкерлер Өзбекстанда тәжірибе алмасты

Түркістан өңірінің делегациясы кәсіпкерлікті дамыту бойынша Өзбекстанға іссапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының биылғы 11-12 қыркүйек күндері Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының екінші рет ұйымдастыруымен Түркістан облысының кәсіпкерлерінен құралған делегация Өзбекстан Республикасы, Әндіжан облысына іссапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты –Түркістан облысында жібек өнеркәсібін дамыту мақсатында тәжірибе алмасу.


Бағдарлама бойынша делегация Әндіжан облысының жеке кәсіпкері Абдуфаттах ақсақалдың тұт ағаштарының алқабын аралап, түрлі сұрыптарымен танысты. Облысымыздың кәсіпкерлеріне тұт ағашын өсірудің пайдасы оның тиімділігі және әлемдік нарықтағы жоғарғы табысқа ие кәсіп екендігі түсіндірілді.


Тұт ағашының плантациясы аз инвестицияны қажет ететін жобалардың бірі болып саналады және «Ауыл аманаты» бағдарламсымен қаржыландыру жолдары қарастырылған. Осы салаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлеріміз жібек өндірушілерімен пікір алмасып, байланыс орнатты.


Іссапар барысында кәсіпкерлер тұт ағашын өсірудің тиімді механизмдерімен танысты. Атап айтқанда, тамшылатып және буландыру арқылы суару жүйелері. Алдағы уақытта Түркістан өңірінің кәсіпкерлері Өзбекстаннан тұт көшеттерін әкелуге және осы бағытта өзбекстандық кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеуге ниеттеніп отыр.