Түркістандық кәсіпкерлердің мәселелері тыңдалды

0
878

Жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелермен бірлесіп шешу жолдары қарастырылды.


Түркістандық кәсіпкерлердің мәселелері тыңдалды

Түркістанда «Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен Түркістан қаласының прокуратурасы бірлесіп «Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Басқосуда кәсіпкерлік нысандарға инфрақұрылым, кәріз, су жеткізу, электр желісімен қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.


Кездесуге Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Бақытбайұлы, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев арнайы қатысты.


«Бүгінде облыс орталығының кәсіпкерлері, инвесторлар мен инвестициялық жоба басшыларының көкейінде жүрген мәселелері талқыланып жүр. Әрбір кәсіпкерлік субъектілердің қордаланған мәселесі әрдайым біздің назарымызда. Сондықтан алдағы уақытта мәселелерді оңтайлы шешудің жолдары қарастырылатын болады», - деді Асылан Ибадуллаев.


Шара барысында кәсіпкерлер тарапынан біршама сұрақтар қойылып, тиісті сала мамандары жауап берді. Жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелермен бірлесіп шешу жолдары қарастырылды.