Түркістандық кәсіпорын жылына 5 мың тонна жемісті қайта өңдеуден өткізіп жатыр

0
938

1970 жылы іргесі қаланған зауыт 2002 жылы серіктестік ретінде құрылған.


Түркістандық кәсіпорын жылына 5 мың тонна жемісті қайта өңдеуден өткізіп жатыр

Жылына 5 мың тонна алма және жүзім жемістері қайта өңдеуден өткізіп, шырын және шараптың бірнеше түрін шығарып, еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы «Мичурин-Алма Экспорт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл сайын 5 мың тонна алма және жүзім жемістерін қайта өңдеуден өткізуді қолға алып отыр.

Атап өтсек, елімізде ауыл шаруашылығын дамытудың бірден-бір тетігі өнімді қайта өңдеу болып есептеледі. Осы ретте оңтүстік өңіріміздегі жеміс-жидек өнімдерін қайта өндеумен айналысатын ірі кәсіпорындардың бірі «Мичурин-Алма Экспорт» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінің жұмысына ерекше деп баға беруге болады.

Айта кетсек, алма, жүзім секілді өнімдерді қайта өңдеумен айналысатын «Мичурин-Алма Экспорт» Түлкібас ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінде орналасқан. 1970 жылы іргесі қаланған зауыт 2002 жылы серіктестік ретінде құрылған. Жылына 5 мың тонна алма және жүзім жемістері қайта өңдеуден өткізіп, шырын және шараптың бірнеше түрін шығарып, еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтуде. Бұл кәсіпорын бүгінгі таңда 70-ке жуық ауыл тұрғынын тыңғылықты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.