Түркістандық келін енесін тонап, ақшаны құмар ойынға жұмсаған

0
68

Белгілі болғандай, ол мамыр айынан бастап үйден алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны ұрлап келген.


Түркістандық келін енесін тонап, ақшаны құмар ойынға жұмсаған

Фото: Түркістан облысы
ERNUR.KZ. Түркістан облысында 8,5 миллион теңге сомасына алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған пәтер ұрлығы ашылды. Күдікті зардап шеккеннің келіні болып шыққан. Ол ұрланған ақшаны құмар ойындарға жұмсаған, деп жазады Stan.kz.

Полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел өзінің үйінен алтын бұйымдар мен ақша ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген.

Мәліметтерге сенсек, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу-оперативтік топ құрылып, барлық қажетті іс-шаралар жедел түрде жүргізілген.

Тергеу барысында күдікті ретінде зардап шеккеннің келіні анықталды. Белгілі болғандай, ол мамыр айынан бастап үйден алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны ұрлап келген.

"Жалпы материалдық шығын 8,5 миллион теңге болған. Ұрланған алтын бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізген, ал түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсаған. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.