Түркістандық медицина мамандары марапатталды

0
577

Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов табыс етті.


Түркістандық медицина мамандары марапатталды

Түркістан облысы медицина саласының қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес ұсынылған мемлекеттік марапаттарды ақ желеңділерге облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов табыс етті.


«Биыл азаттық алғанымызға 30 жыл толып отыр. 30 жыл ішінде медицина саласы да дамып келеді. Еліміздің денсаулық сақтау саласының даму деңгейі әр ақ желеңді жанның қосқан үлесіне, білімі мен тәжірибесіне байланысты. Халықтың денсаулығы мен жарқын болашағы үшін күресте медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелген. Біздің дәрігерлеріміз бұл міндетті абыроймен атқарып жүр. Бүкіл әлемді шарпыған пандемиямен күресте дәрігерлердің табандылығы осының айшықты дәлелі деуге болады», - деді Арман Сәбитов.


Салтанатты іс-шарада дәрігерлер мен орта және кіші буын медицина қызметкерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік медальмен, ҚР Құрмет грамотасымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ, «Еңбек ардагері» медалі және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және алғыс хаттармен марапатталды. Жалпы 74 азаматқа құрмет көрсетілді.


Тәуелсіздік алған 30 жылда Түркістан өңірінің медицина саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, соңғы 5 жылда медициналық ұйымдар 230 дана автокөлікпен, 1000 данадан аса фармацевтикалық тоңазытқыштармен, 3000 данадан аса медициналық төсек-орынмен жабдықталды. Түркістан облысында 501 денсаулық сақтау нысаны салынып пайдалануға берілген, оның ішінде 42 стационарлы аурухана, 459 емханалық-амбулаториялық нысандар бой көтерген.


Сонымен қатар Түркістан қаласында модульдік жаңа үлгідегі 200 төсек-орынға арналған аурухананың құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.


Бүгінгі таңда, Түркістан қаласында халықаралық стандарттарға сәйкес 570 төсек-орындық облыстық көпбейінді медициналық орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр.